Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Балабақша
1.jpeg
Балабақша
Сіздің балаларыңыздың болашағы сенімді қолда! Тәрбие мен оқытудың жаңа тәсілі.
Балабақша туралы

      ЖШС «Иштаев  Е.А» «Айгөлек+» жеке бөбекжайы  

«Айгөлек+» жеке бөбекжайында

2023 - 2024  оқу жылдарында жүргізілген 

жұмыстың есебі.

 

 І. Мектепке дейінгі  ұйымының  мәліметі

Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Орал қаласы,

Сарайшық  - 62

Балалар саны  - 45,топтар саны – 2, оқыту тілі – мемлекеттік тіл.

Мамандар тізімі: балабақшада істейтін жұмысшылар саны – 10 адам.

 

Бөбекжай ұжымында: бөбекжай құрылтайшысы,  директор, әдіскер, тәрбиешілер, музыка

пәнінің жетекшісі, логопед, хореограф мұғалімдері, тәрбиешілердің  көмекшілері, есепші, мед.

бике қызмет атқарады.

«Айгөлек+» жеке бөбекжайы 2021 жылдың 1 сәуір айында ашылып, балаларды қабылдады.

Бөбекжайда 2 топ бар. Кіші «Күн» тобында  20 бала тәрбиеленеді. Орта және ересек «Нұр»   

тобында 25 балалар тәрбиеленеді.

Бөбекжайда балалардың тәрбиеленіп, білім алуына барлық жағдайлар жасалған.Бала санына сай

үстел, отырғыштар, керуеттер, ыдыс-аяқ бар.Ойын бөлмесінде балалардың жас ерекшеліктеріне

сай ойыншықтар,оқу құралдары бар.

Балабақшадағы  оқыту мен тәрбие жұмысы  Мемлекеттік Стандартқа сәйкестендіріліп құрылған. Әдістемелік  отырыстарда жылдық жұмыс жоспарлары, тәрбие жоспарлары сабақ кестелері қаралып бекітілді.Әр топтың күн тәртібі толықтай орындалады.

 

Оқу жылының басында  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы»,  Стандарт талаптарына сәйкес: Перспективалық жоспар бекітілген өтпелі тақырыптарға сәйкес құрастырылып №1Педагогикалық кеңесте қарастырылды және бекітілді.

Балалардың  қызығушылықтарын есепке ала отырып, дамытушы орталықтар дайындалды.

Тәрбиешілер төмендегі көрсетілген міндеттер бойынша жұмыс істейді:

1.«Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбие беру»

2.«Мектепке дейінгі жастағы балалардың өзара сөйлеу тілін  ойын арқылы жетілдіру».

3.«Ертегілерді сахналау арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту» (семинар арқылы).

1.Ұйымдастырылған оқу қызметінде инновациялық әдіс-тәсілдерді жас ерекшіліктеріне сай іріктеу.

2.Балалардың тілдерін дамытуда технологияларды жүйелі түрде қолдану.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту, сенсорлық қабілеттерін қалыптастырып, коммуникативтік-тілдік құзіреттіліктерін таныту.

3.Оқу қызметінде инновациялық технологияларды қолдануда даму диагностикасы мен жұмыстың қорытындысын жасау.

4.Балалардың байланыстыра сөйлеу қабілетін инновациялық оқыту технологиялары арқылы жетілдіру кезінде  байланыстырып сөйлеуге үйрету. Мұнда балалар көргендерінің, естігендерінің мазмұнын жүйелі түрде ауызша айтып, үш тілде мазмұндауға үйрету;

-жаңа сөздер үйрету және осы үйренген сөздерінің, сондай- ақ балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздерінің мағыналарын орыс және ағылшын тілдерінде үйрету;

- тілдерін жетілдіру арқылы шығармашылық қабілеттерін ашу;

- қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды таныстыруды тереңдетіп, соның негізінде баланың сөздік қорын байыту;

- баланың таным үдерісінің ( қабылдау, ойлау, ұғым және т.б.) дамуы оның сөздік қорын дамыту.

Белсенді қимыл іс-әрекет негізінде балалардың денсаулығын нығайту үшін күнделікті таңертеңгілік жаттығуларды, денешынықтыру сабақтарын қызықты өткізу;

-спорттық шаралар мен ойындарға, дене шынықтыру жаттығуларына белсенді қатысуға баланың қызығушылығын дамыту және тәрбиелеу;

-негізгі қимыл –қозғалыс ойындарын дамыту;

Оқу жылының басында бөбекжайдың жылдық жұмыс жоспары құрылды. Онда педагогтардың педагогикалық шеберліктерін жоғарылатуға бағытталған мерекелік іс- шаралар, кеңестер, педагогикалық кеңестер жоспарланып, барлық шаралар уақтылы өткізіліп орындалды. Бөбекжаймен  ата-аналар арасындадағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында жоспарға сәйкес ата-аналар жиналыстары,  отбасылық ойын-жарыстар, табиғи  және қолданыстан шыққан заттардан қолөнер сайыстары, «Күз мереке-күз береке», «Ертегілер әлемінде» тақырыбында көрмелер ұйымдастырылды. Сонымен бірге ата-аналарға арналған кеңестер жаңартылып отырады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баулудың міндеті- сәби шақтан бастап еңбекке қажеттілікті алғышарттарды қалыптастыру. Бұл міндеттер отбасындағы еңбек тәрбиесін жақсартудан бастау алып, ондағы ата-аналардың педогогикалық білімдерін жетілдіруде ең ұйытқы болатыны – балабақша. Бұл тұста ата-аналарға баланы еңбекке баулу бойынша бағыт беріп, ынтымақтастықта әрекет ету тәрбиешілердің үлесіне тиіп отыр. Бала тәрбиесінің алтын бесігі-отбасы. Бұл шағын әлеуметтік тап – бала үшін өмір мектебі.

Жан жақты жетілген бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру әр отбасының,балабақшаның,барша халықтың міндеті. Біздің мақсатымыз балаларды адалдыққа,әдептілікке, мейірімділікке, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға, жаманнан жиреніп жақсыны үйренуге, осы қасиеттерді бойына сіңіруге қалыптастыру барысында тәрбиелік іс-шаралар мен оқу қызметтері өтілді.

Биылғы оқу жылында балабақшаның алға қойған мақсаты : «Мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ұлттық рухани тәрбие беру арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелеу- оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану».

Бастапқы кезеңде барлық балалар балабақша күн тәртібіне бейімделмеген болып келді. Оларға балабақшадағы күнделікті қайталанатын гигиеналық шараларға бейімдеуден бастадық. Балалар өздері тамақтануды, түбекке отыруды, беті қолын үлкендердің көмегімен жууды, үлкендердің көмегімен киініп және шешінуді үйренуді бастады. Балалар жылдың соңына өз жас ерекшелігіне сай барлық гигиеналық шараларға толық бейімделді.

1 қыркүйек  күні, балаларға білім күні жайында түсінік беру, өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу, байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету мақсатында бөбекжайымызда салтанатты ашық шара өтті.

{gallery}it11/1{/gallery}

20.09 күні, бөбекжай құрылтайшымыз Иштаев Ермек Амиржановичке тореалқа төрағасы Р.Балтаевтан «Құрмет грамотасын»  алып, және  бөбекжай директоры Иштаева Фарида Куанышкалиевнаны  Елордамыз  Астана қаласында өткен «Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының» 10 жыл толуына орай ҚҮББҚ басшысы Л.И.Куленова төсбелгісін тағып, куәлік және Алғыс хатпен марапаттады.

Сонымен қатар, «Ұстаздар күніне» орай Білім Министрі Ғани Бейсенбаев «Айгөлек» және «Айгөлек+» бөбекжайларымызға  Алғыс хаттарын жолдады.

{gallery}it11/2{/gallery}

Әдіскер Л.А.Нагимова «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасына жаңа бағыт» тақырыбында өткен облыстық семинарға қатысты.       

{gallery}it11/3{/gallery}

«Нұр» тобының тәрбиешісі Оксана Ғалымжановна «1 цифры және санымен танысу» тақырыбында

а) Өзіне қатысты тұрғыда заттардың кеңістікті орналасуын анықтай білу дағдыларын бекіту (оң жақта, сол жақта, ортасында);

ә) Геометриялық фигуралардың орналасу ретін түсіндіру; 1 цифрын 1 санының таңбасы ретінде таныстыру; үлгіні пайдалана отырып, 1 санын жазып үйрету;

б) 1 цифрын өзге сандардың арасынан табу мақсатында оқу ісі әрекетін өткізді

{gallery}it11/4{/gallery}

«Күн» тобының  тәрбиеленушісі Қайрат Айша Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми –ақпараттық,        танымдық-тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген « Балапан –бояулар әлемі» байқауына белсене атсалысқаны үшін І дәрежелі Дипломмен марапатталды, тәрбиешісі Айтлесова Молдір Кенжегалиевна .

«Айгөлек+»  бөбекжайының тәрбиешілері  Атауова Оксана Ғалымжанқызы  және Айтлесова Молдір Кенжегалиевна  25 қазан Республика күніне орай, тәрбиеленушілерімізге туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында  « Менің Қазақстаным!» атты тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырып, өткізді.

{gallery}it11/5{/gallery}

«Айгөлек+»  бөбекжайының тәрбиешілері  «Алтын күз» атты мерекелік шараны Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру мақсатында өткізді.

{gallery}it11/6{/gallery}

15 қараша күні «Айгөлек» жеке  бөбекжайы  Қызылорда қаласында өткен «Эдельвейс», «Orda,kz» баспа үйлерінің демеушілігімен  «Қазақстанның үздік балабақшалары» атты кітабының  арнайы табыстау презентациясының қадірлі қонақтары болып,  салтанатты кеште қызыл кілеммен жүріп өтіп, .бөбекжай директоры Ф.К.Иштаева, әдіскері Л.А.Нагимова және тәрбиешілері  Қ.Б.Жаналиева, Л.Е.Кусаинова, «Айгөлек+» бөбекжайымыздың тәрбиешісі О.Ғ. Атауова «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

{gallery}it11/7{/gallery}

24 қараша күні,тәрбиешілер мен ата-аналар арасында өзара қарым-қатынасын жақсарту, ұжымдыққа, достыққа, сыйластыққа баулу, бір-біріне жылы лебіздерін білдіру мақсатында «Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

            Күн  тәртібінде осындай мәселелер айтылып,шешілді

  1. Бөбекжай ұжымымен және ата – аналар жиналысының мақсатымен, күн тәртібімен  таныстыру – Балабақша әдіскері Нагимова Лаура Айкыновна (слайд)
  2. «Сәлемдесу, ата-аналарды бір-бірімен таныстыру» - Айтлесова Мөлдір Кенжегалиевна.
  3. Балабақша директоры  Иштаева Фарида Қуанышкалиевнаға сөз кезегі беріледі .
  4. Балабақша мед бикесі: Байгазиева Сара Молдагалиевна
  5. Логопед-Дефектолог- Сатенова Аягүл Жамбылқызы
  6. Ағымдағы   мәселелер. (Балабақшаға кешікпей келу,температурасы бар ауырған балаларды балабақшаға толықтай емдеп барып әкелу,тәрбиешілерді сағ 7 ден кейін мазаламау, балабақшаның іш-шарасына белсене қатысу,төлемақыны уақытында төлеу.Төлей алмаған жағдайда алдын-ала ескерту ).
  7. «Тепе-тендік»  ойыны  – Атауова Оксана Ғалымжановна.
  8. Сұрақ - жауап алмасу.Ата-анамен тәрбиешілер арасында.

Жалпы жиналысқа 22  ата –ана қатысты.

{gallery}it11/8{/gallery}

«Айгөлек+»  бөбекжайының  тәрбиешілері  балаларға керемет көңіл күй сыйлап, 2024 Жаңа жылымызды  қарсы алды ...

{gallery}it11/9{/gallery}

Жаңа жыл қарсаңында  «Нұр» тобының тәрбиешісі Атауова Оксана Галимжановна Бейнелеудегі мектепке дейінгі балалардың  шығармашылық ойы мен қиялын дамытудағы,шығармашылық белсенділігін аттырудағы дәстүрлі емес тәсілдердің маңызын ашу.Балабақшадағы үйірмелер жұмысының өзектілігін көрсету мақсатында өткізген оқу ісі әрекеті.....

{gallery}it11/10{/gallery}

«Балалық шақ адам өміріндегі маңызды кезеңі, келешек өмірге дайындық емес, нақты, жарқыраған, ерекше, қайталанбайтын өмір.Балалық шағының өтілуінен , баланың балалық шағында қолынан жетелеген адамынан, қоршаған ортадан оның ойы мен жүрегіне не ұялатқаннан - бүгінгі бөбектеріміз қандай адам болатынын көруге болады». (В. А. Сухомлинский)

Толығырақ

Біздің жетістіктеріміз

30
ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕР
5
ТОПТАР
4
БІР РЕТТІК ТАМАҚТАНУ
12
ҮЙІРМЕЛЕР

Үйірмелер, курстар

Пайдалы ресурстар

Біз картада